София Ротару Ресей мен Украинадан бас тартып, Қазақстанға келмекші

0
1 677

София Ротару Ресейде өтетін барлық жаңа жылға дейінгі кештерден бас тартқан.


София Ротару Ресей мен Украинадан бас тартып, Қазақстанға келмекші

ERNUR.KZ. Ресейде дәстүрлі түрде өтетін "Жыл әні" жобасына София Ротару қатысудан бас тартқан. 43 жыл қатарынан аталмыш кештің басты қонағы болған әнші бұл әрекетін Ресей мен Украина арасындағы ушыққан даумен түсіндірген деп жазады nur.kz.

Әншінің директоры Сергей Лавровтың айтуынша, София Ротару Ресейде өтетін барлық жаңа жылға дейінгі кештерден бас тартқан.

Ал Ресей мен Украина арасындағы дау өз шешімін тапқанша әнші Қазақстанда өнер көрсетпек.

Желідегілердің бірі әншіні даттап жатса, екіншілері оған түсіністік танытқан.

"Қанша жылдан бері Ресей сахнасында жүр. Ол кісіге де "Жыл әнінен" бас тарту оңайға соқпаған болар", "Жақында жансақтау бөлімінен шықты. Денсаулығына алаңдайтын болар", "Ол да адам ғой. София Ротару үшін мен алаңдап қалдым".
"Екі ел арасындағы дау шешілсе, қайтадан өз сахнасына оралады ғой" деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын 71 жастағы София Ротару шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген болатын.