Солтүстік Қазақстан облысында екі адамнан шошқа тұмауы табылды

0
646

Қазір олар ем алып жатыр.


Солтүстік Қазақстан облысында екі адамнан шошқа тұмауы табылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында шошқа тұмауы тіркелді. H1N1 вирусы екі адамнан анықталды, деп жазады zakon.kz.

Қазір олар ем алып жатыр. Сондай-ақ 250-ден астам адам В типті тұмау жұқтырған.

Жедел респираторлы инфекция да өршіп тұр.

Науқастар саны, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 42 пайызға артқан. Ауырғандардың 70 пайыздайы 14 жасқа дейінгі балалар. Облыста 75 мың адам тұмауға қарсы екпе алған.