Сот Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімін ұзартты

0
605

Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.


Сот Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімін ұзартты

ERNUR.KZ. Сот Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп жазады Tengrinews.kz.

"2022 жылдың 9 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны туралы хабарланды.