Сот Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

0
498

22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын.


Сот Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

ERNUR.KZ. Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп жазады Stan.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 4 мамырда Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Адвокаттар шағымы қанағаттандырылмаған.

Бұған дейін тергеу соты Қайрат Құдайбергенді 30 тәулікке қамауға алуға санкция берген болатын.

Еске салайық, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын.