Спирт коронавирустан қорғамайды - ДСМ

0
666

Жетекші инфекционисті ел арасында тараған "емдік әдістің" бұл түрін жоққа шығарды.


Спирт коронавирустан қорғамайды - ДСМ

ERNUR.KZ. Ел аумағында коронавирусты анықтайтын тесттердің жеткіліксіздігі туындады. Тіпті кей өңірлерде тестітің жоқтығынан ауру белгілері бар науқастардан сынама алынбаған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің паймынша, бұл - жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінен тест қортындысын талап етуінің салдары".


Өкінішке қарай, бүгінде мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, жұмыс берушілердің көбі іс-сапардан, еңбек демалысынан оралған қызметкерлерінің бәріне міндетті түрде ПЦР талдауын жасатуды талап етіп жатыр. Құрметті жұмыс берушілер, бұл талап инфекцияның ұжымыңызға кіруінен қорғамайды, - дейді кәсіпорын басшыларына ескерту жасаған ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.


Сондай-ақ, алкагольді ішімдіктерде кеселден қорғамайды. Елдің жетекші инфекционисті Динагүл Баешева ел арасында тараған "емдік әдістің" бұл түрін жоққа шығарды. Сонымен қатар, маман сұйықтықты көп мөлшерде ішуге кеңес береді. Өйткені, ол вирустың уландыру күшін әлсіретеді дейді.


Коронавирус диагнозы қойылды дегенде шошымау керек. Ауырып қалған жағдайда денесінің қызбасы болса ол деген - адамның вирусқа қарсы тұратын күші деген сөз. Сондықтан,бірінші үш күндей ол температура болуы мүмкін. Организміңіз шыдап көтере алатын болса онда тұған ештеңе жоқ, - дейді ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева.