Алайда вакцина құрамындағы әсер етуші заттар ана сүтіне енетін-енбейтіні әзірше белгісіз.
ERNUR.KZ Жүкті және бала емізетін әйелдерге енді коронавирусқа қарсы "Спутник Лайт" вакцинасын салуға болады, деп жазады Sputnik.kz
Бұл туралы Қарағанды фармацевтикалық кешені мәлімдеді.
"Спутник Лайт" вакцинасын салғызуға болмайтындар қатарынан жүкті және бала емізетін әйелдерді алып тастады. Енді жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап аталған препаратты салғызуға болады. Осы кезеңде вакцинаның болашақ анаға тигізетін пайдасы жатырдағы балаға төнетін әлеуетті қауіптен жоғары болады", - деп жазылған хабарламада.
Қарсы көрсетілімдерді алып тастаудан бұрын ғалымдар жануарларға зерттеу жүргізгені айтылды. Оның нәтижесі бойынша репродуктивті уыттылығы мен тератогенділігі жоқ екені анықталған.
Бала емізетін балаларға да осы вакцинаны егуге рұқсат берілді. Алайда вакцина құрамындағы әсер етуші заттар ана сүтіне енетін-енбейтіні әзірше белгісіз. Сондықтан препаратты қабылдар алдында бала емізетін әйел осы вакцинаның пайдасы мен зиянын бағалауы керек.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жүкті және бала емізетін әйелдер тек Pfizer вакцинасын ғана салғыза алатын.