Степногорда жұмысшы электр бағанынан құлап, көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

0
527

Ер адам бетон бағанмен бірге биікен құлап мерт болған.


Степногорда жұмысшы электр бағанынан құлап, көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Степногор қаласында 35 жастағы электр бағанынан құлап, мерт болды. Полицейлер еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Департаменттің мәліметінше, қайғылы жағдай Степногор қаласының Заводская кентінде болған.

Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы фельдшерінен жұмыс орнында ер адамның қаза тапқаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводская кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы қайтыс болғанын анықтаған.

Ер адам бетон бағанмен бірге биікен құлап мерт болған.

«Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіуде, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - делінген полиция хабарламасында.