Алматы облысында әлімжеттік жасаған жасөспірімдер үстінен іс қозғалғанын жазғанбыз.
ERNUR.KZ. Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болды. Оқиға түнгі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жақын маңда болған. Университет жаппай төбелеске тек студенттер ғана емес, өзге де жастар қатысқанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кикілжің 24 қыркүйек күні 02:52-де Попов пен Бальзак көшелерінің қиылысында болған.
- Тараптар арасындағы кикілжің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағынан тыс жерде тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады университеттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әлімжеттік жасаған жасөспірімдер үстінен іс қозғалғанын жазғанбыз.
Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмды.
Сондай-ақ жаппай төбелес кезінде танысын абайсызда өлтіріп алған ақтөбелікке сот үкімі шыққанын жазған едік.