Субсидия алушыларға жаңа міндеттеме жүктеледі

0
547

Биыл 1 шілдесінен бастап цифрландыру есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі іске қосылған.


Субсидия алушыларға жаңа міндеттеме жүктеледі
ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев Жолдауды жүзеге асыру барысы туралы брифингте айтты, деп жазады baq.kz.
"Азықты субсидиялау бойынша төтенше жағдайларда немесе Қазгидромет растаған ауа райының қолайсыз жағдайларында тек пішен мен кебекті субсидиялау ұсынылады", – деді министр.

Сонымен қатар ол субсидия алушыларға қатысты жаңадан талап қойылатынын айтты.

Тағы бір жаңалық – субсидия алушылар үшін төмендегідей қарсы міндеттемелер енгізіледі.

- өз өндірісінің өнімдерін өткізу көлемін жыл сайын кемінде 3%-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету (форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда);

- еңбек өнімділігін жыл сайын арттыру;

- негізгі капиталға 5 жылда кемінде 1 рет инвестициялардың салынуын қамтамасыз ету.

Осылайша, жаңа субсидиялау қағидаларының негізгі тұстары қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылаудың және оларды бағалаудың пәрменді құралдарын енгізу тетіктері арқылы бөлінген субсидиялардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша болдырмау және цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін оңайлату – дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, биыл 1 шілдесінен бастап цифрландыру есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі іске қосылған. Ол фермерлер үшін тегін және барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріледі. Ол қазіргі «Қолдау» жүйесін толығымен алмастыра алады.

Сонымен қатар, тауар өндірушілердің ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өндіріске енгізу бойынша шығындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарын субсидиялау және кооперативтердің өз мүшелеріне көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыттары енгізілуде. Олар өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру процестерін жеделдетуге және ауылдық жерлерде кооперативтік қозғалысты ынталандыру мен дамытуға бағытталған – дейді министр.