Сусын бермеген: Қазақстанда Air Arabia әуекомпаниясына айыппұл салынды

0
702

Әуекомпания Алматы – Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде сусын ұсынбай, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын бұзды.


Сусын бермеген: Қазақстанда Air Arabia әуекомпаниясына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитеті Қазақстан заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Air Arabia әуекомпаниясын жауапкершілікке тартты, деп жазады stan.kz.

Әуекомпания Алматы – Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде сусын ұсынбай, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын бұзды.

2023 жылғы 13 ақпанда Air Arabia әуекомпаниясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын (Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген кезде тасымалдаушының жолаушыға қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді орындамауы) бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

"Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және әуе тасымалдаушылары тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайтынын атап өтеміз", – делінген хабарламада.