2024 жылдың 13 ақпанында екі ірі ресейлік кәсіпкер ағайынды Александр мен Михаил Сутягинскийлерге Қазақстанның күш құрылымдары іздеу жариялағаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Алматы полиция департаменті ресейлік кәсіпкер Михаил Сутягинскийге қатысты істің мән-жайын айтты, деп жазады zakon.kz.
Алматы қаласы полиция Департаментімен 2002 жылы наурыз айында болған кісі өлтіру дерегі бойынша М.А.Сутягинскийге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне (пайдакүнемдікпен жасалған кісі өлтіру) сәйкес қылмыстық іс тергелуде.
"Күдікті осы жылдың 30 қаңтары кісі өлтіруді ұйымдастыруға қатысы бар деп танылды. Аталған адамға қатысты соттың қаулысымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай санкцияланып, іздеу ісі қозғалды", - деп жазады Алматы қалалық полиция департаменті.
2024 жылдың 13 ақпанында екі ірі ресейлік кәсіпкер ағайынды Александр мен Михаил Сутягинскийлерге Қазақстанның күш құрылымдары іздеу жариялағаны белгілі болды.
14 ақпанда ресейлік компания Михаил Сутягинскийді Қазақстанда іздеуге жауап берді. 1989 жылы Михаил Сутягинский негізін қалаған "Титан" компаниялар тобы ресейлік кәсіпкер "оны Қазақстан аумағында іздеу туралы ресми өтініш алмағанын" хабарлады.