​Суық жерде жұмыс істеген жақсы - Үкімет басшысы

0
1 167

ҚР Премьер-Министрі өзінің нақты үш шешімге келгенін айтты.


​Суық жерде жұмыс істеген жақсы - Үкімет басшысы

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еңбек нарығының болашағына арналған халықаралық форумның пленарлық мәжілісіне қатысты. Сол жерде ол шетелдік сарапшылардың баяндамасын тыңдап, өз пікірін білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен сарапшы мамандардың баяндамаларын мұқият тыңдап шықтым. Өзім нақты үш шешімге келдім. Біріншіден, Қазақстан Үкіметі осы жерде айтылған мәселелердің бәрін қолға алып, тиісті шараларды атқарып жатыр. Еңбек нарығын дамытуға қатысты барлық шешімдеріміз сарапшылардың ойымен сәйкес келіп тұр. Бұл – қуантарлық жәйт. Екіншіден, жаңа ғана Сингапурдан келген әріптесіміз ауа райы туралы айтты. Меніңше, ыстық әрі қапырық ауа райына қарағанда суық жерде жұмыс істеген жақсы. Өйткені далада аптап ыстық тұрса, жұмыс істеу қиын», - деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы Азия даму банкінің сарапшыларына да кеңес берді. Аталған мамандар Қазақстанға араға 10 жыл салып келгендері жайында айтып қалды.

«Қазақстанға 10 жыл сайын емес, жиі келіп тұрыңыз дегім келеді. Сонда біздің не істеп, не қойғанымызды анық білетін боласыздар. Сол кезде біздің нақты қай бағытта дамып келе жатқанымызды түсінесіздер. Бұл бірге жұмыс істеуге жол ашады», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, Премьер-Министрдің өзі пленарлық мәжілісте баяндама жасаған болатын. Б.Сағынтаев Үкіметтің еңбек нарығын дамытуға қатысты жоспарларын жариялады. Оның айтуынша, алдағы 7 жылда 2 миллион жас маман – университет пен колледж студенттеріне жұмыс тауып беру керек.