Тағы бір шабуыл: Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды

0
735

Шабуыл жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде болған.


Тағы бір шабуыл: Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Желіде бейтаныс ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, деп жазады zakon.kz.

Тираж редакциясының Instagram-дағы парақшасы оқиға 10 ақпанда Щучье қаласында болғанын жазды. Шабуыл жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде болған.


Кадрларда фельдшердің бейтаныс ер адам мен жедел жәрдем жүргізушісін ажыратпақ болғанын көруге болады.

"Ақмола облысының полиция департаменті Щучье қаласындағы жанармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісінің денесін жарақаттаған ер адамды анықтады. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.