Dodo пиццериялар желісінің бас кеңсесі Қазақстанға Британдық Виргин аралдарынан көшетін болды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Dodo Brands қаржы директоры Лина Наумова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгін біз сіздермен 2023 жылдың 15 желтоқсанында Директорлар кеңесі BVI холдингінің (Британдық Виргин аралдары, дүниежүзіндегі жалпы мойындалған оффшорлық орталықтардың бірі) Астана халықаралық қаржы орталығына (Қазақстан Республикасы) осы шешімді бекіту үшін 2024 жылдың 10 қаңтары мен 26 қаңтары аралығында акционерлердің сырттай дауыс беруі өтеді", - деді Наумова.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейде кеңселерін жауып тастаған бірнеше ірі компания Қазақстанға қоныс аударуға шешім қабылдаған болатын.