Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді екі айға дейін ұзартты

0
682

Бүгінде Қазақстан азаматтарына визасыз 40 -тан аса елге саяхаттауға болады.


Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді екі айға дейін ұзартты

ERNUR.KZ. Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді ұзартты. Енді отандастарымыз бұрынғыдай бір ай емес, екі ай бойы тропикалық елде емін-еркін жүре алады, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған мемлекеттің Ішкі істер министрлігі 93 елдің туристеріне визалық талаптарды жеңілдетті. Оның ішінде Қазақстан да бар. Сонымен қатар корольдік алдағы уақытта ұзақ мерзімді визалар үшін де жеңілдіктер қарастырылатынын мәлімдеді.

Статистика бойынша, жыл басынан бері Таиландқа 18 миллионнан астам шетелдік барған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артық.