Таиланд Қазақстанда балық консервілерін шығаратын зауыт ашпақ

0
212

Шикізатты Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтары жеткізеді.


Таиланд Қазақстанда балық консервілерін шығаратын зауыт ашпақ

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Инвестор ретінде таиландтық Sea Value Plc компаниясы жобаны 2025 жылы Алматы облысында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сенсек, шикізатты Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтары жеткізеді. Өндірістің қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады. Келешекте компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Соның ішінде үй жануарларына арналған азық, тауық протеині, тауықтан және балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттар, фисташкалы және бадам сүті және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында аймақтық логистикалық хаб құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Хаб ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына өнімдерді импорттау, сақтау және таратуға арналған.

Бұл кәсіпорын – Таиландтағы консервіленген тунец өндіретін екінші ірі өндіруші, өз өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды.

Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың сәуірінде Қазақстан Таиландпен тұрақты визасыз режим туралы келісімді бекіткенін жаздық. Тамыз айында Қазақстан үкіметі бұл құжатты бекітті. Келісімге сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды мерзімі кемінде алты ай болуға тиіс жарамды жол жүру құжаттары бар азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.