Қазақстандық турист Таиландтағы жағажайда істеген ұят қылығы үшін қамауға алынды.
ERNUR.KZ. Қазақстаннан барған турист адамдарға шабуыл жасап, қонақүйде бүлік шығарып, сонан соң полиция қызметкерлерінен теңізге қарай қашып кетті, деп жазады zakon.kz.
Қазақстандық турист Таиландтағы жағажайда істеген ұят қылығы үшін қамауға алынды. Ол адамдарға шабуыл жасап, қонақүйлер мен мейрамханалардың аумағына баса көктем кіріп, қолына түскен мүлікті қиратты, деп мәлімдеді Thairath арнасы.
Полицияға "есінен ауысқан" турист туралы хабарлама 9 сәуір кешке түскен. Полиция жақындап қалған кезде турист теңізге секіріп, судағы тасқа отырып алған.
Полиция туристі судан шығарды. Кейін ұсталған адам "көп сыра ішіп, көп каннабис шеккенін" айтты. Ол шығынды өтеуге уәде берді.