Кадрда әйелдің үстел басында отырған балаларға жақындағанын, сосын олардың бірінің басынан ұрғанын көруге болады.
Сурет: instagram/taldykorganec.insta
ERNUR.KZ. Талдықорғанда балабақшалардың бірінде қызметкер баланың басынан ұрған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, қазір оның мән-жайы анықталып жатыр, деп жазады zakon.kz.
Кадрда әйелдің үстел басында отырған балаларға жақындағанын, сосын олардың бірінің басынан ұрғанын көруге болады. Бұл шамамен 2024 жылғы 26 қыркүйекте таңғы уақытта болған.
"Бұл факт Талдықорған полиция басқармасына бағытталды. Оқиға облыс прокуратурасының бақылауында", - деп хабарлады Жетісу облысының қадағалау ведомствосы.
Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.