Талдықорғанда ковидтің дельта штамы анықталды

0
385

Індеттің жаңа түріне шалдыққандар оқшауланып ауруханада бөлек ем қабылдап жатыр.


Талдықорғанда ковидтің дельта штамы анықталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында екі адамнан коронавирустың үнді дельта штамы анықталды. Олар вакциналау ісі баяу жүргізіліп жатқан Талғар және Қаратал ауданының тұрғындары, деп жазады 24.kz.

Індеттің жаңа түріне шалдыққандар оқшауланып ауруханада бөлек ем қабылдап жатыр. Баспасөз мәслихатын өткізген өңірдің бас санитарлық дәрігері осылай деді. Әрі науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып жатқанын айтты.

Сала жетекшісі эпидахуалға да тоқталды. Оның мәліметінше, облыс жасыл аймақта.

Күзге дейін 1 млн 100 мың адамға екпе салу межеленсе, бүгінгі күні жоспардың 31 проценті орындалған.

Ерғали Сыдыманов, Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Күніне біз бір тәулікті 6 мыңға дейін адам вакцинация жасауымыз керек. Екі-үш күн болды соны біз жеті жарым мыңға дейін көтердік. Күніне шамамен 6 мыңнан аса адам вакцинация алып жатыр. Вакцина жеткілікті.