Талдықорғанда шетелдік азамат биіктіктен құлап мерт болды

0
589

Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген .


Талдықорғанда шетелдік азамат биіктіктен құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда шетелдік азамат құрылысы жүріп жатқан нысанның төртінші қабатынан құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 6 қараша күні құрылыс нысандарының бірінде болды.

«24 жастағы жігіттің салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап кетіп, қаза болғаны анықталды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.