Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуға тиіс екенін атап өтті.
ERNUR.KZ. Сот Талғарда көкпар ұйымдастырушылар мен қатысушыларын 10 тәулікке қамау туралы үкім шығарды, деп жазады sputnik.kz.
"Тәртіп бұзушылар үш әкімшілік бап бойынша (ұсақ бұзақылық, көлік транспортының қозғалысына кедергі жасау, жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесін бұзу) жауапқа тартылды және 10 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Көкпар қатысушылары видеоүндеу жариялап, тұрғындардан кешірім сұрады.
Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуға тиіс екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде көкпаршылардың видеосы тарады. Шабандоздар көшеде ойнап, үйлердің ауласына дейін кіріп кеткен. Соның салдарынан көлік кептелісі болды. Аулада тұрған көліктерге зақым келген.