Талғарда лагерьде демалып жатқан 25 бала тауға шығам деп адасып кетті

0
436

Құтқарушылар 300 м қашықтықта жолдан адасқан ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздеді.


Талғарда лагерьде демалып жатқан 25 бала тауға шығам деп адасып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында 26 адам құтқарылды, деп жазады inform.kz.

Талғар ауданы Бесқайнар ауыл округі Таусамалы таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздеді.

Қабылданған шаралардың арқасында Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Демалушылар медициналық көмекке мұқтаж емес.