Талғардағы жасөспірімдердің тәрбие мәселесі бақылауға алынады – министрлік (ВИДЕО)

0
324

Балаларды пайдалы іс-шараларға тарту жұмысы қолға алынады.


Талғардағы жасөспірімдердің тәрбие мәселесі бақылауға алынады – министрлік (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова 16 жастағы Шерзаттың өлімінен кейін Талғардағы жасөспірімдермен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оспанованың айтуынша, министрлік өкілдері теріс пиғылды жастармен әлі кездеспеген.

«Біз олармен әлі кездескен жоқпыз. Бұл жұмыс енді жүріп жатыр, өйткені осындай балалардың тобы анықталу үстінде», - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Десе де комитет басшысы Талғардағы оқушылардың тәрбие мәселесі көп ұзамай бақылауға алынатынына сендірді.

«Алдын ала тергеу аяқталып, ІІМ мен Бас прокуратура белсенді әрекетке көшкеннен кейін жасөспірімдердің тәрбиесі, оларды пайдалы және мектептен тыс шаралармен қамту сөзсіз бақылауға алынады», - деді Оспанова.

Осы орайда комитет төрағасы елімізде былтырғы оқу жылынан бері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан көз жұмды. Жасөспірімнің қазасынан кейін Шерзаттың туыстары істің ашық тергелуін талап етті. Ал өткен демалыста марқұм Шерзаттың үйін әлдекімдер өртеп кеткен. Осы оқиғадан кейін полиция бұл отбасыны қорғауға алды.