Ол 2023 жылы 90 жас мерейтойын атап өткен болатын.
ERNUR.KZ. Жазушы, драматург Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп жазады sputnik.kz.
Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.
"Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман "Әдебиет әлемінің Әкімі" деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады", – делінген жеделхатта.
Ол 2023 жылы 90 жас мерейтойын атап өткен болатын.