Таразда кәсіпкерлер той жасауға рұқсат беруді талап етті

0
687

Олар 50 адамға дейін той жасауға рұқсат беруді талап етіп отыр.


Таразда кәсіпкерлер той жасауға рұқсат беруді талап етті

ERNUR.KZ. Таразда кәсіпкерлер заңсыз тексеріске ұшырадық деп шағымданып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейрамхана қожайындарының айтуынша, оларды пандемия желеуімен екінің бірі тексеріп, мазаларын алатын болған. Меруерт Лештаева қорлықты әкімдік жанынан құрылған медиа-топ, полиция, төтенше жағдайлар қызметінен жеке-жеке келіп телефонға түсіріп, қысым көрсететіндерден көрдім деп отыр. Ал заңды мониторингтік топ осы уақытқа дейін бірде-бір рет тексеріп-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келмепті. Шыдамы таусылған кәсіпкерлер бүгін «Ақжол» партиясының Жамбыл облыстық филиалына шағымданып барды. Олар Үкіметтен арнайы жұмыс алгоритмін бекітіп, 50 адамға дейін той жасауға рұқсат беруді талап етіп отыр. Партия өкілдері бұл мәселені Мәжіліс отырысында көтеріп, Үкіметке сауал жолдамақ.


– Санитарлық нормамен рұқсат берсін деп отырмыз. Шектеу шарттарын қайта қарап шығарсын. Мысалы, қазір кинотеатрлар мен мешіттерге 100 адамға дейінгі ауқымда рұқсат берді. Сол сияқты бізге де рұқсат берсе екен дейміз. Заңсыз тексеруге біз ұшырап отырмыз. Бізді қорқытып, қоқан-лоқы көрсетеді, - деді кәсіпкер Меруерт Лештаева.