Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады.
Сурет: видео скрині
ERNUR.KZ. 31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған, деп жазады polisia.kz.
Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 202-бабымен ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.Негізгі шырша "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқан.