Өнертапқыштардың байқауына еліміздің барлық өңірінен 180-ге жуық дарынды бала қатысады.
ERNUR.KZ.Тараз қаласында өнертапқыш балалардың республикалық жарысы өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың 10-11 маусым күндері өтетін техникалық-шығармашылық және өнертапқыштардың байқауына еліміздің барлық өңірінен 180-ге жуық дарынды бала қатысады деп күтілуде. Олар өз жобаларын сарапшылар мен байқаушылар алдында қорғайтын болады.
Жас өнертапқыштардың сайысында «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы», «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталатын болады.
Байқау мақсаты - білім алушылардың шығармашылығын, таным қабілетін, интеллектуалдық бастамаларын қолдау.