Іс 20 сәуірде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, монополист кінәлі деп танылды.
ERNUR.KZ. "Қазақстан – отын-энергетикалық кешені" сауда үйі" ЖШС өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды, деп жазады sputnik.kz.
"Компания темір жол шекараларында сұйық жүктерді қабылдау, сақтау және босату бойынша 2 жыл ішінде негізсіз "үстеме пайда" алған", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Іс 20 сәуірде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, монополист кінәлі деп танылды.
Сот оны 1 094 593 950 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді және 579 826 102 теңге сомасында заңсыз алынған монополиялық табысты тәркіледі. Сот актісі заңды күшіне енді.