Порнографиялық сайтқа 8 мыңнан астам жазылушы тіркелген.
фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. "Telegram" әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна анықталды, деп жазады sputnik.kz.
"Тексеріс барысында "Telegram" желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сайтқа 8012 жазылушы тіркелген. Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары.
Арнайы іс-шараларының нәтижесінде сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды.
Қылмыстық топ мүшелері Түркістан мен Қызылорда облыстарында ұсталды.
Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен "Telegram" желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды", - дейді Түркістан облысының прокуратурасы.
Заңға қайшы әрекет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.