Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар көбейді

0
498

Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 46 науқас анықталды.


Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар көбейді

ERNUR.KZ. Атырау облысында бір тәулікте 422 адам Covid-19 жұқтырған. Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында байқалып отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 422 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 246 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 46 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 58 науқас, Индер ауданында - 15, Исатайда- 12, Қызылқоға ауданында - 16, Құрманғазы ауданында - 12, Мақат ауданында - 8, Махамбет ауданында - 9 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 341 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 81 адамда ауру белгілері жоқ.

Қазір 4191 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 77, кардиоорталықта - 105, т/ж ауруханасында - 111 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 378, облыстық ауруханада - 39, жатақханада - 87, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 289 науқас.