Теңіз кенішінде жұмыссыз қалған атыраулықтар жұмысқа қайта шақырылады

0
688

Қазір бос жатқан мыңға жуық жұмысшының 600-ден астамы Теңіз кен орнына кері шақыртылған.


Теңіз кенішінде жұмыссыз қалған атыраулықтар жұмысқа қайта шақырылады

ERNUR.KZ. Қауіпті індеттің кесірінен Теңіз кенішінде жұмыс істеп жүрген Атырау облысы Жылыой ауданының 1000-нан астам тұрғыны жұмыссыз қалған еді, деп жазады 24.kz.

Қазір жергілікті билік кен орнындағы мердігер мекемелермен келіссөздер жүргізіп, қызметінен босатылғандарды қайта жұмысқа шақыруды талап етіп отыр. Аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, әлі күнге дейін жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуға басымдық берілмей келеді.

Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді де мердігер мекемелер орталыққа үнемі жібермейтін көрінеді. Дегенмен, бұл мәселелер де әр жиында айтылып жатыр екен.

Қазір бос жатқан мыңға жуық жұмысшының 600-ден астамы Теңіз кен орнына кері шақыртылған. Қалған 400 азаматты қайтадан қызметіне орналастыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қайрат Омаров, Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы: - "Өзіміз орталықтан арнайы ұялы телефон нөмірін шығардық. Әлі де шақырылмаған аудан тұрғындары болса, осы телефон арқылы өзінің аты-жөнін, мекемесін қалдырып, кім болып істегенін, қашаннан бері шақырылмай жатқаны жөнінде ақпаратты қалдыру жөнінде хабарлама бердік. Осыған хабапласқан адамдардың тізімін қалыптастырып, аудан әкімдігі тарапынан ТШО басшылығына және мердігер мекеме басшыларымен келіссөз жүргізіп, шақырылмай отырған аудан тұрғындарын шақыру мәселесін әлі де көтерейік деп отырмыз.