Теңізде жұмысшылар жалақы мәселесіне байланысты көтеріліске шықты

0
918

Мердігер компанияның басшылығы туындаған мәселені шешуге кірісіп жатыр.


Теңізде жұмысшылар жалақы мәселесіне байланысты көтеріліске шықты

ERNUR.KZ. Атырау облысында "Теңізшевройлдың" мердігері "Казстройсервис" мекемесінің жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, митингке шықты, деп жазады zakon.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

"Қазір митинг болған жерде 50-ге жуық адам қалды, олармен әкімдік пен ТШО өкілдері сөйлесіп жатыр, қалған жұмысшылар тарап кетті. ТШО-ның жобасына біздің барлығы 511 қызметкер тартылған. Мәселе былай, жалақы жұмыс сағатының және нақты жұмыс істеген сағатқа сәйкес есептеледі - бұл формуланы ҚР Қаржы министрлігі бекіткен. Ставка айлар бойынша «секіріп» кетуі мүмкін, бірақ тұтас жылмен есептегенде еңбек шартында белгіленген жалақыға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тамақтану және тұрмыс жағдайына қатысты шағымдар болды. Бірақ ТШО тұрақты түрде аудит жүргізеді, онда талап айтарлықтай жоғары және кез келген жағдайда біз қызметкерлердің шағымы мен талаптарын орындауға тырысамыз. Бұған дейін шағым болған жоқ", - деп хабарлады компания басшылығы.

ТШО-ның өзінде былай деп хабарлады: "Компанияға "KazStroyService" қосалқы мердігерлік ұйымының қызметкерлері жалақыны есептеуге қатысты алаңдаушылық білдіргені белгілі. ТШО жағдайды мұқият қадағалап отыр. Мердігер компанияның басшылығы туындаған мәселені шешуге кірісіп жатыр. Бұл қосалқы мердігер ұйымның ішкі мәселесі болғандықтан, барлық сұрақтарды осы компанияның басшылығына жолдағаныңыз жөн".