Терезеден кірген: Алматыда ыстық су басып қалған пәтердің видеосы шықты

0
1 028

Бүгін таңғы 4 сағат 14 минутта жылу құбыры жарылған болатын.


Терезеден кірген: Алматыда ыстық су басып қалған пәтердің видеосы шықты

ERNUR.KZ. Түн ортасына субұрқақша атқылаған ыстық су кейбір үйдің терезесін сындырып, ішке лап қойып, шырт ұйқыда жатқан пәтер иелерін шошытқан sputniknews.kz.

Алматыда Төле би мен Пушкин көшелерінің қилысында бүгін таңертең жылу құбыры жарылып, одан зардап шеккен 7 пәтердің бірінің видеосы желіде жарияланды.

Видеодан сынған терезені, оның әйнектерінің барлық жерге шашылып жатқанын көруге болады. Ыстық судың кесірінен еденнің ағаш төсеніші көтеріліп, жиһаз бен тұрмысқа қажетті техникалар бүлінген.

Айта кетсек, бүгін таңғы 4 сағат 14 минутта жылу құбыры жарылып, 4 адамды күйік шалған, одан бөлек 7 пәтер, 8 көлік бүлінген.

Зардап шеккен үш адам І және ІІ деңгейлі күйікпен ауруханада ем алып жатыр, ал біреуі дәрігердің қарауынан соң үйіне босатылған.