Тиімсіз қарыз тартқан шенеуніктердің жеке жауапкершілігін қатаңдату ұсынылды

0
385

​Өсіп жатқан мемлекеттік борыш елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қауіп-қатер төндіреді, деді Наталья Годунова.


Тиімсіз қарыз тартқан шенеуніктердің жеке жауапкершілігін қатаңдату ұсынылды

ERNUR.KZ. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова сырттан тиімсіз қарыз тартқаны және жұмсағаны үшін лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін қатаңдатуды ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, өсіп жатқан мемлекеттік борыш елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қауіп-қатер төндіреді.

"Қарызды қашан, қандай көздерден және қандай көлемде өтеу жоспарланып отырғаны айқын көрсетілуге тиіс. Және бір-үш жылға ғана емес, кемінде 10 жылға жоспар жасалуы қажет. Бұл мәселеде ашықтық керек", - деді Годунова парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ ол мемлекеттік органдардың ағымдағы қызметін іске асыруға, халықаралық консультанттар тартуға және шетелдік тәжірибені зерделеуге сырттан ақша алу практикасын жою керек екенін атап өтті. Бұл міндеттерді орындауға қаржылық және адами ресурстар өзімізде де жеткілікті, деді комитеті төрағасы.

"Сыртқы қарыздарды тиімсіз тартқаны және пайдаланғаны, сондай-ақ оны уақытында игермегені, ал кей кезде күшін жойғаны үшін жеке жауапкершілікті қатаңдату талап етіледі. Бұл туралы депутаттар да айтқан болатын", - деді Годунова.