Тікелей эфирдегі қоңыраудан кейін жоспарланған той тоқтатылды

0
797

Тікелей эфирде әкімге қоңырау шалған мегаполис тұрғыны 14 тамызда "Керемет" мейрамханасында той болғалы жатқанын айтты.


Тікелей эфирдегі қоңыраудан кейін жоспарланған той тоқтатылды

ERNUR.KZ. Алматыда әкімі Бақытжан Сағынтаевқа тікелей эфирде келіп түскен қоңыраудан кейін алдын ала жоспарланған той тоқтатылды, деп жазады zakon.kz.

Бірер күн бұрын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Қоңырау шалған мегаполис тұрғынының бірі 14 тамызда "Керемет" мейрамханасында той болғалы жатқанын айтты.

Оны болдырмай тастауға бола ма? - деп сұрады ол.

Әкім түрғынның жеткізген ақпараты үшін ризашылығын білдіріп, мейрамханаға мониторингтік топты жіберіп, мәселенің анық-қанығын білуге уәде берді.

Ал бүгін бұл тойдың болмайтыны белгілі болды.

Мейрамхана басшылығына карантиндік шектеу талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.