Вице-министр қауесетке жауап берді.
ERNUR.KZ. Бүгін ДДСҰ коронавирусты ресми түрде пандемия деп жариялады. Осы орайда қазақстандықтар жаппай дүкен сөрелерін босатуда. Қазақстан үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның басшысы елдегі азық-түлік тапшылығы мәселесіне қатысты жауап берді, деп жазады kaz.nur.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа қазақстандық дүкендегі азық-түліктер мәселесіне қатысты сауал қойды, себебі қазірдің өзінде ел тұрғындары дүрлігіп, ұн, макарон секілді өнімдерді жаппай сатып алуда.
Тоғжановтың сөзінше, әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің тек екеуі ғана шетелден келіп жатыр. Ол қант пен тауық еті. Оларды имппорттау туралы мәселе кейінірек туындауы мүмкін.
Тізімдегі басқа тауарлар - жергілікті өндіріс орындарынан шығады. Тоғжанов олардың Қазақстанға жарты жылға жететінін айтып, сендірді.
Жалпы, үкімет қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстайды.
Президент барлық азаматтардың азық-түлікпен қамтамасыз етілетініне уәде берді. Алайда қазірдің өзінде дүкен сөрелері әлеуметтік маңызы бар өнімдерден босап қалғаны туралы хабар тарауда.
"Мен БАҚ-та болған кейбір сұранымдарды көрдім. Бізде 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бар екенін айтқым келеді. Қазақстан бұл азық-түліктермен жарты жыл толықтай қамтыла алады. Бүгінде ешкім қол қусырып отырған жоқ - барлық өңірлер мен әкімдерге тапсырма берілді.
Өндірістік қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұр. Сол себепті мәселе бақылауға алынды. 19 түрлі өнімнің ішінде қант пен тауық еті импортталады. Тек осы екі түрлі өнімді импорттауға тура келеді. Алайда бұл мәселе әзірге өзекті емес. Қамтамасыз ету мәселесі толығымен бақылауда тұр", - деп хабарлады Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасаған еді.