Той кезінде қалыңдығын ұрып жіберген жігіт өз әрекетін түсіндірді

0
1 127

Келеңсіз жайттан кейін күйеу жігіттің үстінен ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды.


Той кезінде қалыңдығын ұрып жіберген жігіт өз әрекетін түсіндірді

ERNUR.KZ. Той үстінде қалыңдығын ұрып, желі қолданушыларының ашуына тиген өзбекстандық жігіт өз әрекетін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

"Мен өзімді ұстай алмай қалдым, сөйтіп ұрып жібердім. Арамыздағы түсініспеушілік шешілді, той әрі қарай жалғасты. Қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді мұндай қайталанбайды", - деді күйеу жігіт.
Жас жұбайлар бір жыл бұрын атастырылған, ал үйлену тойы 6 маусымда өтті.
Келеңсіз жайттан кейін күйеу жігіттің үстінен ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Бірақ жарының өтінішімен оны сол күйі жазалаған жоқ.
Қыздың анасы күйеу баласы басынан бір ұрғаннан кейін қызын сахнадан алып кеткенін айтты. Бірақ жігіттің туыстары кешірім сұраған соң, той жалғасқан.
Кейінірек әйел қызына қоңырау шалып, жағдайын сұраған. Айтуынша, жас жұбайлар тату-тәтті тұрып жатыр.
Өзбекстанда бұл жағдай үлкен резонанс тудырды. Гимнаст қыз тіпті күйеу жігіттерінен таяқ жейтін қалыңдықтарға не істеу керек екені туралы видео түсірген. Қорғаныш құралдарының арасында ас үйдегі таба да бар.