Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

0
790

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.


Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды, деп жазады sputnik.kz.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.
"Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.