Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты

0
637

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.


Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты

Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновты қызметінен босатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.


"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты", - деді ол.


Айта кетейік, Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

Ол 2014 жылы сол кездегі Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі болған.

Олжас Құдайбергенов 1982 жылы 21 маусымда Түркістанда өмірге келген. Отбасылы.

2001 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығын бойынша бітірген. Сонымен қатар Алматы қаласындағы халықаралық КИМЭП университетінде білім алған.