Тоқаев Орталық Азия елдерінің өңірлік телеарнасын немесе сайтын құруды ұсынды

0
480

Мемлекет басшысының сөзінше, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құру арқылы үрдісті өзгерту керек.


Тоқаев Орталық Азия елдерінің өңірлік телеарнасын немесе сайтын құруды ұсынды
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Шолпан-Атада өткен IV Консультативтік кездесуінде ақпараттық кеңістіктегі бүкіл өңірге зиян келтіретін келеңсіз жайттардың алдын алу үшін ынтымақтастықты күшейту керектігін айтты, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл жұмыстың мәні достығымыздың мызғымастығы болуы керек.

"Біз мемлекетаралық және ұлтаралық араздықты қоздыру арқылы халықтарды жік-жікке бөлуге, қарым-қатынасымызды бұзуға бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы бірігуіміз керек", - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құру арқылы бұл үрдісті өзгерту керек.

"Осы жайттарды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Орталық Азиядағы тиісті ведомстволар мен ақпарат агенттіктері басшыларының кездесулерін тұрақты түрде өткізген тиімді болар еді", - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.