Әңгімелесу барысында басшылар екіжақты күн тәртібіндегі бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан ары дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасқаны хабарланды.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп жазады Tengrinews.kz.
Әңгімелесу барысында басшылар екіжақты күн тәртібіндегі бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан ары дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасқаны хабарланды.
Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға, сондай-ақ, өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді.
"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты қатынастарға тың серпін беру мақсатында тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын жыл соңына дейін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді", - делінген хабарламада.