Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Tengrinews.kz.
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.