Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды

0
711


Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған ресми ақпаратта.