ERNUR.KZ. 2024 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Президенті Петер Пеллегрини мен словак халқын Конституция күнімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады, деп жазады Zakon.kz.
Президент құттықтау жеделхатында Cловакия Конституциясының қағидаттары алдағы уақытта да елдің өркендеуі мен тұрақты дамуының мызғымас кепілі ретінде қызмет ете беретініне сенім білдірді, делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас словак халқына құт-береке тіледі.