Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан ауылдардың тұрғындарын қолдау шаралары туралы хабарлады.
Су тасқыны салдарынан баспанасынан айрылған Түркістан облысының тұрғындары үшін мыңнан астам үй салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі», - деп жазды Мемлекет басшысы.