Мемлекет басшысы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", деп жазылған хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.