Травматикалық қаруы бар мопедші ұсталды

0
509

33 жастағы мопед жүргізушісінің қару ұстауының шынайы себебі тергеу барысында анықталатын болады.


Травматикалық қаруы бар мопедші ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда «Буран-128» патрульдік полициясының экипажы кең ауқымды рейд барысында Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында мопед жүргізушісін ұстады, деп жазады inform.kz.

«Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, инспекторлардың назарын аударды. Одан әрі атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, мәселе атуға жарамды «ОСА» травматикалық тапаншасы туралы болып отыр. Бостандық аудандық Полиция басқармасы заңсыз қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 33 жастағы мопед жүргізушісінің қару ұстауының шынайы себебі тергеу барысында анықталатын болады», - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі, полиция майоры Михаил Кан.

Айта кетейік, ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласында атыс болып, полиция күдіктілерді іздеп жатқанын жазған едік.