«Түбі реттейтін де Қайрат»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келіні туралы айтты

0
221

​Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтерінен айырылғаны туралы осыған дейін хабарланған.


«Түбі реттейтін де Қайрат»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келіні туралы айтты

Фото: Instagram/kair_n

ERNUR.KZ. Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде алаяққа алданған келіні туралы сөз қозғады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайрат Нұртас Instagram парақшасында қымбат көлік алғаны туралы видео жариялаған. Осы видеоның астына желі қолданушыларының бірі «Машина ала бергенше, бала-шағаңа үй алып берсеңші» деп пікір қалдырады.

Оның бұл пікіріне әншінің анасы былай деп жауап қайтарады:

«Үйін де алып беретін өзі, бағатын да өзі, алып берілген үй алаяққа кетсе, Жұлдыз да қарап отырған жоқ, жас емес, ретін іздеп қайтарып алуға тырысып жатыр, оған сенің тұмсығың қисаймасын. Ол да өз қателігін жөндеп көрсін, бәрі де Қайраттың еңбегімен келген дүние, сен алып бермейсің ғой, түбі реттейтін де сол бір Қайрат. Көрсін соңына дейін барып, болмаса қарап қалмас», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылғаны туралы хабарлаған болатын.