Турбулент аймағына түсіп қалған ұшақтағы жолаушылардың жағдайы белгілі болды

0
5 456

Компания оқиғадан жеті жолаушы түрлі жарақат алғанын хабарлады.


Турбулент аймағына түсіп қалған ұшақтағы жолаушылардың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитеті «Ташкент - Алматы» рейсіндегі төтенше жағдайдан зардап шеккен жолаушылар жайында мәлімет берді, деп жазады inform.kz.

Комитеттің алдын ала ақпаратына сенсек, оқиғадан 5 адам жапа шеккен.

Оның ішінде денесінің әр жері көгерген және күйіп қалған 4 жолаушы ауруханаға жатудан бас тартты.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Өзбекстан азаматшасының мойын омыртқасы сынған болуы мүмкін, сондықтан жедел жәрдем бригадасы оны ауруханаға жеткізді.

Еске сала кетейік, бүгін Air Astana әуекомпаниясының Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшқан, сапар барысында әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түсті.

Компания оқиғадан жеті жолаушы түрлі жарақат алғанын хабарлады.