Тұрғын үй қоры баспана кезегінің неліктен кері жылжитынын түсіндірді

0
1 575

Тұрғын үй кезегінен шығарылған азаматтар сот шешімімен қайтадан тізімге алынады.


Тұрғын үй қоры баспана кезегінің неліктен кері жылжитынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ тұрғын үй баспана кезегінің қандай себептерге байланысты кері жылжитынын және қайтадан кезекке тұрудың тәртібі туралы түсінік берді, деп жазады Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ тұрғын үй кезектілігінде тұрғандардың тізімдеріне күнделікті түгендеу жүргізеді. Сөйтіп тұрғын үйді ұсыну негізі жойылған азаматтарды кезектілік есебінен шығарылады. Кезектілік есебінен шығару себептері әртүрлі болуы мүмкін: тұратын жерін басқа қалаға ауыстыру, меншік құқығында тұрғын үй сатып алу, 2 топтағы мүгедектіктен 3 топқа ауысу, азаматтық алу»,- делінген хабарламада.

Бірақ тұрғын үй кезегінен шығарылғаннан кейін азаматтар онымен келіспей сотқа талап-арызбен жүгінетін жағдайлар болады. Сот азаматтардың соңғы бес жыл ішінде тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығару фактілеріне қарамастан, әкімдікті азаматты кезектілігіне қалпына келтіруге міндеттейді.

«Демек, егер бастапқыда кезек алға жылжыған болса, сот шешімімен аталған азаматтар қайтадан кезекке қойылады. Сол кезде тисінше барлық кезек кері жылжиды,- деп көрсетті мекеме қызметкерлері.

«Тұрғын үй қоры» КММ Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайына келіп, тұрғын үй кезегіне қатысты толық ақпарат білуге болатынын ескертеді.